"Birgemiz04" волонтерлар клубы
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020жыл "Волонтер жылы" деп жариялаған болатын. Осы орайда 20.02.2020ж күні Ақтөбе қаласы№37 орта мектебі оқушыларынан құралған "Birgemiz04" волонтер клубының салтанатты ашылу жиыны өткізілді. Аталған шараға мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы қатысып, жас өрендердiң үлкен бастамасына қолдау бiлдiрiп, оң бағасын берді.
№37 орта мектебінен құрылған "Birgemiz04" волонтер клубының мақсаты: Жас ұрпақ бойына әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыра отырып, олардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру, патриоттық сезімдерін, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, құқықбұзушылықтың алдын алу және адам бойындағы ізгі қасиеттерді дамыту, қайырымдылыққа тәрбиелеу болып табылады. "Birgemiz04" волонтер клубының жетекшісі А.Измаганбетова.