Жаңартылған білім

Автор: mm от 26-01-2018, 16:02, посмотрело: 813

0

№37 орта мектебінде 2017-2018 оқу жылына жоспар құрылып, сол негізде жұмыстар жүргізілді. Мектеп тренері, әрі үйлестірушісі Ж.Ахметова әр сенбі сайын жаңа мазмұнда сабақ беретін мұғалімдерге арнап тұрақты курс өткізіп келеді: «Бастауыш және негізгі мектепте критериалды бағалауды қолдану», «Білім беруді модернизациялау жағдайында педагог іс-әрекетін жаңғырту: оқытудың жаңа креативтік әдістері», «Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау», «Жаңартылған білім мазмұны негізінде қысқа мерзімді жоспар құру», «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары»,  «Тиімді оқыту және оқу тәсілдері», «Белсенді оқыту». Бұл курстың негізгі мақсаты: мұғалімдерге жаңа мазмұндағы бағдарламамен жұмыс жасауға әдістемелік көмек беру.

 

 

 

 

Категория: Мектеп жайлы / Әдістеме және тәжірибе

 

Сыңғырла, күміс қоңырау!

Автор: mm от 25-01-2018, 15:50, посмотрело: 963

0

Ақтөбе қаласындағы №37 орта мектепте 2016-2017  оқу жылында 47 оқушы мектеп бітіріп отыр. Оқушылардың барлығы да ҰБТ-ға катысып, 37 оқушы жоғарғы оқу орындарына түсті. «Алтын белгіге» үміткер 2 түлегіміз бен «Үздік аттестатқа» үміткер 1 түлегіміз өз біліміндерін қорғап шықты. 

 Мектебіміздің директоры  Абуова Қарлыға Қоғабайқызы мен Ақтөбе қалалық әкімдігі өкілі Пұсырманов Нұрғиса     мектеп бітірішілерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап,  мектеп бітірушілердің алдағы өміріне сәттілік тіледі.

 

 

 

Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
Мектеп бітіруші түлектерімізге сөз кезегін береміз.
Қайнар:-Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын
Ұстаз- ғалым, толастатпас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

 

 

 

Құрметті мектептің түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.
Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 9-02-2017, 23:31, посмотрело: 43 909

МЕКТЕП ТАРИХЫ

      Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев өзінің жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы – білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Педагогикалық ұжым сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда.

     № 37 орта мектебі  1990 жылы балабақша ғимараты болып салынып, 1995 жылға дейін балабақша қызметін атқарды. 1995-1996 оқу жылынан бастап негізгі мектеп ретінде қызмет атқара бастады, 2003-2004 оқу жылынан бастап орта мектеп статусын алды.

     Мектептің жалпы қуаттылығы 600 орынға есептелген. 25 оқу кабинеті, жапсарлас салынған жаңа үлгідегі спорт залы, мәжіліс залы, 50 орындық асхана, кітапхана, арнайы спорт алаңы бар. Мектептің техникалық базасы жыл сайын жаңартылып келеді. Лингафонды-мультимедиялық кабинетпен, информатика, физика, химия, биология кабинеттерімен, интерактивтік тақталармен жабдықталған.

     Оқу тілі – қазақ. 10-11 сыныптар үшін қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар ашылған. Бүгінгі таңда мектепте 607 оқушы білім алуда.

     Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің жалпы саны – 58. Жоғары білімді – 86,2%, арнаулы орта білімді – 13,7%. Оның ішінде педагог-зерттеуші – 24,1% (14 мұғалім), педагог - сарапшы – 25,8% (15 мұғалім), педагог - модератор – 24,1% (14 мұғалім).

2011 жылдан бастап мектепті бітірген түлектердің ішінен жыл сайын «Алтын белгі» иегерлері шығып отырды. 2012 жылғы «Алтын белгі» иегері Альмуханов Абылай облыс бойынша ең жоғары балл жинап, облыс әкімінің қолынан автомобиль кілтін алды.

Мектепті басқару тарихына көз жіберсек:

1995-1999 – Бақтарбаев Қ.

1999-2000- Хасанова Н.

2000-2004 – Ахметова Ш.

2005-2012 – Калкеева Н.

2012-2013 – Абуова К.

2013-2014- Абдиева Т.

2014 жылдың  айынан маусым айынан бастап осы мектепті басқаруға Абуова Карлыга Когабаевна тағайындалып, қызметін абыроймен атқарып келеді, білім сапасы көтерілді, дарынды баламен жұмыс жолға қойылды, жыл сайын жетістіктер артып келеді.

      Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам сенген өкіл. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты. Ол әдіскер де білімдар және өз ісінің қыр-сырын жетік білетін маман. Мектептің тарих пәні мұғалімі К.Шүйіншалина 2007 жылы оқушылардың білімі мен тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталды. 2015 жылы технология пәні мұғалімі А.Балмагамбетов А.Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталды.

      Мектептің оқу – тәрбие жұмысын алға бастырудың негізгі шарты – жұмысты сауатты, жүйелі жоспарлай білу. Оқу – тәрбие үрдісін тиімді әрі ұтымды ұйымдастырып, үйлесімді жұмыс ырғағының қалыптасуымен мектептің педагогикалық ұжымы оң өзгерістерін елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Оқу үрдісін ұйымдастыру бағытында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуына бақылау жүргізіліп, істің нәтижелі болуы көзделді. Жоспарға сай педагогикалық және директор жанындағы кеңестер, әдістемелік бірлестіктер отырыстары, пән апталықтары т. б. жүйелі өткізілді. Онда бірлестіктер, шығармашылық топтар есептері, әдістемелік баяндамалар, пән онкүндіктерінің өткізілуі, білім сапасын тексеру  қорытындылары кеңінен талқыланып отырылады.

 

 

МЕКТЕП  хронологиясы

1990 жылы бақша ғимараты болып салынды.

1990-1995 ж.ж. арасында бала-бақша

1995-1996 ж.ж. Бастауыш мектеп

1996-2003 ж.ж. Негізгі мектеп

2003-2004 ж.ж. Орта мектеп

Мектептің ауданы – 4896,7 шаршы метр

Пайдалы ауданы – 2163,4 шаршы  метр

Мектептің толық атауы:  "№37 орта мектебі" КММ

Мекен жайы: 11 мөлтек ауданы 98 үй

Әкімшілік телефоны:  8 (7132) 730316

Сенім телефоны: 87132 730321

Категория: Мектеп жайлы

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine