"Ashuq" жүйесі

Автор: admin от 3-09-2021, 11:11, посмотрело: 10

 

Ақтөбе қаласы "№37 орта мектебі" КММ бойынша барлық санитарлық талаптар сақталынып, мектепке келген ұстаздар, қызметкерлер, сырттан келген адамдар "Ashuq" жүйесі арқылы кіргізіледі. Сондай-ақ дене қызуы өлшеніліп, бетперде кию тәртібін сақтау қадағаланады.

Категория: Мектеп дәстүрі / Ата-аналарға

 

Конкурстық комиссия отырысы

Автор: admin от 31-08-2021, 11:12, посмотрело: 10

 

 

31.08.2021жыл күні №37 орта мектебінде www.enbek.kz электронды порталында жарияланған бос орындар вакансиясы бойынша конкурстық комиссия отырысы өткізілді. ҚР «Білім туралы» 2007ж 27 шілдедегі заңының 5-бабы 35 тармақшасына сәйкес және педагогтарды қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидасының 3-тарауы негізінде комиссия құрамы бекітілді.
Комиссия төрағасы К.К.Абуова, мүшелері Ж.К.Жаманова -директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ж.Ж.Ахметова- директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, А.О.Сабетова-ағылшын тілі мұғалімі, кәсіподақ ұйымының төрағасы, Б.Б.Суюндиков-қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Конкурстық комиссия шешімімен орыс тілі (1 бірлік), шет тілі (1бірлік), қосымша білім беру педагогы (ПДО) (1 бірлік) бос орындарына педагогтар қабылданды.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Педагогикалық кеңес

Автор: admin от 28-08-2021, 11:07, посмотрело: 6

 

28.08.2021 күні №37 орта мектебінде «Білім – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесі өткізілді. Кеңес барысында өткен оқу жылының оқу-тәрбие үрдісінің талдауы, алдағы оқу жылына қойылатын міндеттер, 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатын түсіндіру, мұғалімдердің жылдық жүктемелерін бекіту, сынып комплектісі мен сынып жетекшілерді бекіту, жаңа оқу жылының оқу жоспарын, оқу жұмыс жоспарын бекіту, таңдау бойынша сабақтар, элективті курстар бағдарламаларын, күнтізбелік жоспарларды бекіту, мектептің ішкі тәртіп ережесі, функционалдық міндеттер, оқу жылының ұйымдастырылуы секілді мәселелер қаралып, талқыланды. Сонымен қатар марапаттау рәсімі жүргізілді. Марапаттар: мектеп директоры К.К.Абуова - Білім және ғылым миистрінің құрмет грамотасы, көркем еңбек пәні мұғалімі А.Т.Балмагамбетов - Білім және ғылым миистрінің құрмет грамотасы, Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаты және төсбелгі, математика пәні мұғалімі Л.Ж.Табылдина - “Самғау” республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының алғыс хаты, «Ұстаз – ұлы тұлға» төсбелгісі. Математика пәні мұғалімі Жантолина Ұлмекен Қабиқызы зейнеткерлік демалысқа құрметпен шығарып салынды.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Вакансия

Автор: admin от 24-08-2021, 16:09, посмотрело: 68

Ақтөбе қаласы "№37 орта мектебі" КММ бойынша www.enbek.kz электронды порталына
Орыс тілі - 1 бірлік (уақытша); Орыс тілі - 1 бірлік (тұрақты); Шет тілі - 1 бірлік;
Қосымша білім беру педагогы (ПДО)- 1 бірлік (уақытша) бос орындар вакансиясы тіркелінді.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту заңдылығы бойынша 13-бет 3-тарау негізінде жұмыс іздеген тұлғалар төмендегідей құжаттар тізбегін тапсырады Қажетті құжаттар тізбегі:
1.Конкурсқа қатысу туралы Өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген (бар болса)
4.Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмелері;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
10.Жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (Бар болса);
11.ҰБТ сертификаты немесе педагог-модератордың,педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлігі;
12. Педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Көрсетілген құжаттарды "№37 орта мектебі" КММ қабылдау бөлмесіне тапсыруға болады. Бос орындар вакансиясы бойынша конкурстық құжаттар жұмысын қарау 31.08.2021жыл сағат 10.00-де өтетіндігін хабарлайды.

"№37 орта мектебі"КММ әкімшілігі
 

Категория: Мектеп жайлы / Ашық конкурс

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine