Терроризм мен экстремизмнің алдын алу жолдары

Автор: admin от 29-09-2021, 16:35, посмотрело: 9

 

Ақтөбе қаласы “№37 орта мектебі”КММ бойынша терроризм мен экстремизмнің алдын алу және жалған терроризм ақпараты және қылмыстық сипаттағы хабар түскенде жедел әрекет ету алгоритімі бойынша мектеп ұжымына ЖШС “Құрал-Ай күзет” директоры Қ.Ж.Даржанов, мамандандырылған оқу орталығы директорының орынбасары Н.Т.Молдатурин түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектеп Президенді

Автор: admin от 28-09-2021, 17:42, посмотрело: 10

 “№37 орта мектебі”КММ “Мектеп Президенді” “Мектеп Ұланбасы” сайлау қорытындысы‼️‼️‼️

Туремуратова Мадина- 943 лүпіл
Карбакаева Камила- 793 лүпіл
Есмағамбетова Аяна- 213 лүпіл
Тұрғын Береке- 179 лүпіл

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Әдебиет - жан нұры»

Автор: admin от 23-09-2021, 12:04, посмотрело: 8

 

23 қыркүйек күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әдебиет - жан нұры» атты әдеби сағаты өткізілді. Әдеби сағат барысында жалпыұлттық оқылымға таңдалған кітаптар насихатталып, библиографиялық шолу жасалды.

Іс-шараның арнайы қонақтары ҚР Журналистер одағының мүшесі, жазушы С.Ордашева, кітапханың белсенді оқырманы, үздік ұстаз медалінің иегері Ж.Кайралапова, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Р.Бұхарбаева, кітапхана қызметкері Г.Омарханова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті Ұ.Айжарыққызы, №35 орта мектебінің 7 «ә» класс оқушысы К.Машырықова қатысып, өздері оқыған әдеби кітаптары туралы пікірімен бөлісті.
Әдеби сағаттың жүргізушісі А.Мұқашева поэзия жанрына ерекше тоқталып, өскелең ұрпаққа берері мол кітаптар туралы қызықты әңгіме өрбітті. Өз кезегінде №37 орта мектебінің оқушылары іс-шараға белсене қатысып, әр кітап туралы өз ойын жеткізді.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПКЕ КІРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІН БЕКІТТІ

Автор: admin от 21-09-2021, 11:07, посмотрело: 8

 БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПКЕ КІРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІН БЕКІТТІ

  • ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілді. Бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді.
  • «Білім беру ұйымдарында тыйым салынған заттардың тізімін әзірлеуге біз өткен жылы кірістік. Осы жылдың қаңтар айынан бастап «Білім туралы» заң шеңберінде осы тізімді әзірлеу және бекіту біздің құзыретімізде. Тыйым салынған заттардың тізімі Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, ҰҚК, Бас прокуратурамен және Жоғарғы Сотпен бірлесіп жасалды», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
  • Жаңа норманы енгізу оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді.
  • Осылайша, мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді.
  • Сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына шектеу енгізіледі. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфонды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты емес. Мәселен, қант диабеті бар оқушыларға қандағы қантты бақылау үшін смартфон қажет болуы мүмкін.
  • Балалардың тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына кіргізгені үшін олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауапты болатынын айта кеткен жөн.

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine