«Бала - қоғамның құнды байлығы» жалпы ата-аналар жиналысы

Автор: teacher от 14-02-2020, 16:57, посмотрело: 439

«Бала - қоғамның құнды байлығы»

жалпы ата-аналар жиналысы

 

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 14.02.2020ж күні «Бала - қоғамның құнды байлығы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Тәрбиелік мақсаты: Қазіргі заман талабына сай ата-ана мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата – аналардың өз балаларымен әрқашан сырласып, көңіл бөлуіне бағыт-бағдар беру.

 

Күн тәртібі
1. 2019-2020 оқу жылының 1-жартыжылдықтағы оқу-тәрбие жүйесінде атқарылған жұмыстардың талдауы

К.К.Абуова – мектеп директоры

2. 2019-2020 оқу жылында қорытынды аттестаттаудың жаңа ережелері, дайындығы

Ж.Қ.Жаманова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

3. Ыстық тамақпен қамтылу бағдарламасы

Г.С.Умирбаева – әлеуметтік педагог

4. Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары

А.М.Нурмуханова – мектеп инспекторы

5. Эпидемиялық инфекциялардан сақтандыру жолдары

Жаксылыков Рауан Мерекеұлы – СӨС дәрігері

Категория: Мектеп жайлы

 

Абай - дана, Абай - дара қазақта!

Автор: teacher от 14-02-2020, 16:51, посмотрело: 207

Абай - дана, Абай - дара қазақта!

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 14.02.2020жыл күні "Көкiрегi сезімдi, көңілі ойлыға бәрі анық..." тақырыбында өткізілiп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына орай "Абай-дана, Абай -дара қазақта!" тақырыбында апталықтың жабылуы өткiзiлдi.

Категория: Мектеп жайлы

 

"Ауғанның от жалыны"

Автор: teacher от 13-02-2020, 16:48, посмотрело: 246

"Ауғанның от жалыны"

(кездесу кешi)

 

 

2020 жылдың ақпан айының 13-i күні Ақтөбе қаласы 37орта мектебiнде "Ауғанстан соғысының тарихын, Ауған жерiне аттанған жауынгерлер ерлiгiн өскелең ұрпаққа насихаттау" мақсатында және Кеңес әскерiнiң Ауғанстан жерiнен шыққанына 31 жыл толуына орай "Ауғанның от жалыны" атты кездесу кешi өткізілді. Аталған iс-шараға Ауған ардагерлері Айтбай Нұрлан Хұсейiнұлы және Кубегенов Сапарбек Абдiраманұлы қатысты. Мектеп өнерпаздары өнерлерiн көрсетіп, оқушылар ардагер ағаларына сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды.Ал,мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы кездесудің жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде үлесі мол екендігін атап өтті.

 

 

 

Категория: Мектеп жайлы

 

"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы"

Автор: teacher от 12-02-2020, 16:42, посмотрело: 276

"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы"

(өзін-өзі тану онкүндігі)

 

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде ақпан айының 3-12 аралығында С. Назарбаеваның бастамасымен Өзін-өзі тану: "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік өтті.
Онкүндікте: ашық сабақтар, сурет көрмесі, қайырымдылық акциясы, мәнерлеп оқу сайыстары, кітап көрмесі шаралары болды.

12 ақпан С. Назарбаеваның туған күнімен құттықтаймыз.

 

 

Категория: Мектеп жайлы

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine