Жол ережелерін сақтау маңызды!

Автор: teacher от 20-02-2020, 10:33, посмотрело: 174

Жол ережелерін сақтау маңызды!

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 20.02.2020ж күні кеңейтілген көлемде 1-4,5-8,9-11 класс окушылары арасында "Жол ережелерін сақтау маңызды!" тақырыбында Ақтөбе облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекторы, полиция капитаны Кубегенов Нурлан Кубегенұлының қатысуымен практикалық дәрiс сабақтары өткізілді. Аталған шараға мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы, мектеп инспекторы Муханбетказина Аймереке Нұрмұханқызы, класс жетекшілер қатысым жасады. БАҚ өкілдері шақырылып, түсiрiлiм тобы жауапты мамандармен тiлдестi.

 

 

Категория: Мектеп жайлы

 

"Birgemiz04" волонтерлар клубы

Автор: teacher от 20-02-2020, 10:29, посмотрело: 236

"Birgemiz04" волонтерлар клубы

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020жыл "Волонтер жылы" деп жариялаған болатын. Осы орайда 20.02.2020ж күні Ақтөбе қаласы№37 орта мектебі оқушыларынан құралған "Birgemiz04" волонтер клубының салтанатты ашылу жиыны өткізілді. Аталған шараға мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы қатысып, жас өрендердiң үлкен бастамасына қолдау бiлдiрiп, оң бағасын берді.
№37 орта мектебінен құрылған "Birgemiz04" волонтер клубының мақсаты: Жас ұрпақ бойына әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыра отырып, олардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру, патриоттық сезімдерін, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, құқықбұзушылықтың алдын алу және адам бойындағы ізгі қасиеттерді дамыту, қайырымдылыққа тәрбиелеу болып табылады. "Birgemiz04" волонтер клубының жетекшісі А.Измаганбетова.

Категория: Мектеп жайлы

 

Тамақтандыру туралы конкурс

Автор: teacher от 19-02-2020, 10:16, посмотрело: 235

Тамақтандыру туралы конкурс

 

Категория: Мектеп жайлы

 

"Екі жұлдыз"

Автор: teacher от 15-02-2020, 09:30, посмотрело: 230

"Екі жұлдыз" ән байқауы

 

Мектебiмізде ақпан айының 15-i күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша "Қазақтың 100 әнi" жобасы аясында "Екі жұлдыз" ән байқауы өткізілді. Байқауға мектебiмiздiң ұстаздары мен өнерпаз оқушыларынан құралған 11 жұп өнерлерiн ортаға салды. Байқау барысында әр жұп өз қырынан табылып, ерекше қойылымдарымен көзге түсіп, дайындық барысы бойынша дайындаған бейне роликтер көрермен назарына ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені бастауыш класс мұғалімі А.Мукашева мен 8ә класс оқушысы Н.Киният, 1-орын бастауыш класс мұғалімі Л.Лайықова мен 6а класс оқушысы Н.Байқара, 1-орын математика пәні мұғалімі Л.Жалмуханова мен 6ә класс окушысы Жұмабекқызы Сұлу, 2-орын ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Ералдинова мен 10а класс оқушысы Т.Жумагалиева, 3-орын информатика пәні мұғалімi А.Сарсембаева мен 5а класс оқушысы А.Айтуғанова иеленді. Сондай-ақ қатысушы жұптар номинациямен марапатталды. Жеңiстерiңiз құтты болсын!!!

Категория: Мектеп жайлы

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine