Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес 2020-2021 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 80 орынға грант тағайындалды.

Автор: teacher от 14-08-2020, 11:46, посмотрело: 42

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес 2020-2021 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 80 орынға грант тағайындалды.

 

 

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес 2020-2021 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 80 орынға грант тағайындалды.
​    Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігінің комиссиясында қаралды. Комиссияның 16 маусымда болып өткен алғашқы отырысында өңірге қажет, сұранысқа ие мамандықтар анықталды.
     ​2020 жылғы 4 тамызда өткен отырыста жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға бөлінген 80 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жарияланған конкурсына қатысқан 13 жоғары оқу орнының құжаттары қаралды. Комиссия отырысы барысында ЖОО тапсырған құжаттар негізінде белгілі критерийлер бойынша (кадрлар әлеуеті, жатақхананың болуы, ғылыми жетістіктері, түлектердің жұмыспен қамтылу пайызы, ЖОО-ның рейтингісі) жоғары оқу орны анықталды.
       ​Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінген 78 грант үшін төмендегі жоғары оқу орындары белгіленді:
1. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік мемлекеттік университеті- 30 грант;
2. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті -15 грант (резидентура);
3. Қазақ ұлттық аграрлық университеті – 8 грант;
4. М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті – 8;
5. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті -7 грант;
6. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті- 4 грант;
7. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 1 грант (резидентура);
8. Астана медицина университеті - 2 грант (резидентура);
9. Қазақ ұлттық өнер университеті – 2 грант;
10. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы -1 грант.

 

Категория: Оқушыларға

 
 

Қоңырау кестесі

Автор: admin от 9-02-2017, 15:39, посмотрело: 1 177

2017-2018 оқу жылына арналған қоңырау кестесі

Категория: Оқушыларға