"Бiлiмдi ұрпақ - жарқын болашақ!"

Автор: mm от 1-09-2020, 11:55, посмотрело: 137

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 01.09.2020ж күні Бiлiм күніне арналған қашықтықтан "Бiлiмдi ұрпақ - жарқын болашақ!" тақырыбында алғашқы қоңырау iс-шарасы өткiзiлдi.

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 01.09.2020ж күні Бiлiм күніне арналған қашықтықтан "Бiлiмдi ұрпақ - жарқын болашақ!" тақырыбында алғашқы қоңырау iс-шарасы өткiзiлдi.
Мақсаты:
Жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына орай мерекелік ахуал орнату, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, жауапкершілігі мол, әлеуметтік белсенді, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, Қазақстан Республикасының саналы, бiлiмдi азаматты болып қалыптасуына мүмкіндік беру.
Өткiзiлу формасы: қашықтықтан

Iс шараның алгоритмі:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні;
2. Мектеп директоры К.К.Абуованың құттықтау сөзі;
3. Ата - аналар ұйымының төрағасы К.Т.Комарованың құттықтау сөзі;
4. Қашықтықтан білім беруге байланысты слайдттар;
5. 1 класс оқушыларының құттықтау өнері;
6. Алғашқы қоңырау үні;

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Жас түлек-2020!!! Ақ жол!!! Сәт сапар!!!

Автор: mm от 25-05-2020, 16:15, посмотрело: 91

Жас түлек-2020!!!
Ақ жол!!! Сәт сапар!!!

 

 

 

 

       Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде "Арманның ақ желкенi шақырады!" тақырыбында жас түлектерге аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткiзiлдi. Биылғы 2019-2020 оқу жылында №37 орта мектебінен 31 жас түлек орта білімдi аяқтау туралы аттестат иегері атанды. Оның ішінде 4 түлегімiз Алданазарова Томирис, Сейталы Аяулым, Рамазанова Асель, Мусалиева Камила "Алтын белгі" иегері атанды. Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң - солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық. Ендеше бүгінгі мектебiмiздiң жас түлектерi үшін де соңғы қоңырау үні соңғы рет соғылды.
Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тiлектеспiз!!!

Категория: Мектеп дәстүрі

 

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ!!!

Автор: mm от 4-05-2020, 16:10, посмотрело: 141

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ!!!

 

      Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған "ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ " тақырыбында іс-шаралар жоспары негізінде 1-11 класс арасында " Ардагерлер арамызда..." атты тыл және соғыс ардагерімен ерекше фото шарасы өткізілуде.

 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі

Автор: mm от 30-04-2020, 16:02, посмотрело: 168

1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі

 

Құрметті Ұстаздар, шәкірттер, ата-аналар!
Сіздерді 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Бүгінгі таңдағы елімізге келген сынақтан бірлікпен, қойылған талапты бұлжытпай орындаумен аман-есен шығайық! Барлық мұсылман халқы бірауыздан бата беріп, дұғаларын бағыштаған ақ тілектер орындалсын.
Ал, біз мұғалімдер жұртшылығының өз алдына қойған мақсат-міндеттері бар.Шәкірттеріміз жеткен жетістікке қуанатын халықпыз. Биылғы берген дәрістеріміздің сапасы жоғары болып,түлектер 100 пайыз жоғары оқу орнына орналассын.Ұжымда бірлік пен татулық болсын! Ата-аналар балаларының жетістігін көріп қуансын, балаларымен мақтансын! Шәкірттер оқуда озат болсын, армандарына қол жеткізсін!
Мамыр айының жайдарлы мерекесі баршаңыздың отбастарыңызға денсаулық, бақыт, қуаныш әкелсін!
Алтын ұя мектептен сіздерді, оқушыларды көруге жазсын!

Игi тiлекпен #37 орта мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы.
Мереке құтты болсын! 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine