Балақайлар мектебі

Автор: admin от 9-08-2021, 11:37, посмотрело: 10

 

ХАБАРЛАНДЫРУ‼️‼️‼️

Құрметті ата-аналар!
Ақтөбе қаласы «№37 орта мектебі» КММ
2021 жылдың тамыз айының 11-і мен 25-і аралығында
1-сыныпқа дайындау мақсатында
«БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ»
қысқа мерзімді дайындық курсы жүргізілетінін хабарлайды.
Басталу уақыты: 09.00

Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, 11 мөлтекауданы 98үй
Байланыс нөмері: 73-03-16

Категория: Мектеп дәстүрі

 

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ

Автор: admin от 28-07-2021, 11:43, посмотрело: 8

 

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ

????Білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасын таңдауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы басшылыққа алынады.
????Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді;
????Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі;
????Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады;
????Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі;
????Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдай алады.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

“Бірлік және келісім сулы-жасыл бульварында”

Автор: admin от 3-07-2021, 11:45, посмотрело: 8

 

 

 

 

2021 жылдың шілде айының 03-і күні “Бірлік және келісім сулы-жасыл бульварында” Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Астана күніне орай суреттер көрмесі өткізілді. Ақтөбе қаласы “ №37 орта мектебі” КММ жас суретшілері аталған көрменің қатысушылары атанды???? Жас суретшілер Астанамыздың көркем жерлерін қағаз бетіне бейнеледі. Мектебіміздің 7Б сынып оқушысы Орынбасар Кемелханның жұмысы өте жақсы деп бағаланды.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспiрiмдер ұйымы

Автор: mm от 15-12-2020, 11:45, посмотрело: 131

 

 

 

37 орта мектебінде15.12.2020ж күні ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі карсаңында аға тәлiмгер А. К. Измаганбетованың ұйымдастыруымен "Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспiрiмдер ұйымына қашықтықтан 5 класс оқушыларына салтанатты қабылдау жиыны өткізілді. Ұйымға 5 класс оқушылары бойынша 31 оқушы қабылданды.
Қашықтықтан қабылдау жиыны zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.

Жас Ұлан» - шыншыл патриот, «Жас Ұлан» - нағыз топжарған. «Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді, «Жас Ұлан» - жауапты азамат. «Жас Ұлан» - сенімді дос, «Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»‼️‼️‼️

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine