Педагогикалық кеңес

Автор: admin от 28-08-2021, 11:07, посмотрело: 17

0

 

28.08.2021 күні №37 орта мектебінде «Білім – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесі өткізілді. Кеңес барысында өткен оқу жылының оқу-тәрбие үрдісінің талдауы, алдағы оқу жылына қойылатын міндеттер, 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатын түсіндіру, мұғалімдердің жылдық жүктемелерін бекіту, сынып комплектісі мен сынып жетекшілерді бекіту, жаңа оқу жылының оқу жоспарын, оқу жұмыс жоспарын бекіту, таңдау бойынша сабақтар, элективті курстар бағдарламаларын, күнтізбелік жоспарларды бекіту, мектептің ішкі тәртіп ережесі, функционалдық міндеттер, оқу жылының ұйымдастырылуы секілді мәселелер қаралып, талқыланды. Сонымен қатар марапаттау рәсімі жүргізілді. Марапаттар: мектеп директоры К.К.Абуова - Білім және ғылым миистрінің құрмет грамотасы, көркем еңбек пәні мұғалімі А.Т.Балмагамбетов - Білім және ғылым миистрінің құрмет грамотасы, Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаты және төсбелгі, математика пәні мұғалімі Л.Ж.Табылдина - “Самғау” республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының алғыс хаты, «Ұстаз – ұлы тұлға» төсбелгісі. Математика пәні мұғалімі Жантолина Ұлмекен Қабиқызы зейнеткерлік демалысқа құрметпен шығарып салынды.

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.