«Әдебиет - жан нұры»

Автор: admin от 23-09-2021, 12:04, посмотрело: 14

0

 

 

23 қыркүйек күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әдебиет - жан нұры» атты әдеби сағаты өткізілді. Әдеби сағат барысында жалпыұлттық оқылымға таңдалған кітаптар насихатталып, библиографиялық шолу жасалды.

Іс-шараның арнайы қонақтары ҚР Журналистер одағының мүшесі, жазушы С.Ордашева, кітапханың белсенді оқырманы, үздік ұстаз медалінің иегері Ж.Кайралапова, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Р.Бұхарбаева, кітапхана қызметкері Г.Омарханова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті Ұ.Айжарыққызы, №35 орта мектебінің 7 «ә» класс оқушысы К.Машырықова қатысып, өздері оқыған әдеби кітаптары туралы пікірімен бөлісті.
Әдеби сағаттың жүргізушісі А.Мұқашева поэзия жанрына ерекше тоқталып, өскелең ұрпаққа берері мол кітаптар туралы қызықты әңгіме өрбітті. Өз кезегінде №37 орта мектебінің оқушылары іс-шараға белсене қатысып, әр кітап туралы өз ойын жеткізді.

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.