» » Ұстаздар күніне арналған құттықтау!!!

 
 
 

Ұстаздар күніне арналған құттықтау!!!

Автор: teacher от 2-10-2020, 12:29, посмотрело: 37

0

Ұстаздар күніне арналған мерекелік құттықтаулар!!!

Құрметті Ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелеріңіз Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол адамның адамшылығы  жақсы ұстаздан.
   Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы-елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала.
   Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – мұғалім.
Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны бұл -ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мұғалім арманын оқушыдан аңсаған
Солар шықса мен шықтым деп басқаларға мақтанған!
Мұғалім балалардың шуылынан шаршаған
Түзде жүрсе сол шуылды қайда екен деп аңсаған!
Шынымен де қазіргі төтенше жағдай уақытта шәкірттердің шуылын сағынғанымыз Рас!
Бірақ Ұстаздар қауымы қандай кедергілер болса да оны ақылмен шеше біледі.
Сіздердің әрбіреуіңізге Алғыс білдіремін! Себебі сіздер қиын жағдайға да бейімделіп, ерлік танытып, білім беріп келе жатырсызда! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін!

Ізгі тілекпен : Абуова Карлыга Когабаевна
№37 орта мектебінің директоры 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.