» » 01 қазан Халықаралық қарттар күні

 
 
 

01 қазан Халықаралық қарттар күні

Автор: teacher от 1-10-2020, 12:25, посмотрело: 27

0

    Бүгін 01 қазан Халықаралық қарттар күніне орай Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ардагер ұстаздарды құттықтау мерекелік іс-шарасы онлайн ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Аталған шараға Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінің ардагер ұстазы Ескулова Куралай Кулмырзаевна қатысым жасады. Ардагер ұстазымызды мектеп директоры Абуова Карлыга Когабаевна төл мерекесімен құттықтап, мерекелік ыстық лебізін білдірді. Құттықтау барысында Ескулова Куралай Кулмурзаевнаға ҚР Ғылым және білім министірлігінің құрмет грамотасы және «Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің сыйлығы табысталды. Сонымен қатар ардагер ұстазымызға №37 бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан гүл шоқтары мен сыйлықтары ұсынылды.
    Барша ардагер ұстаздарымызды мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбекпен самайлары ағарған абзал жандарға дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.

 

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.