Вакансия

Автор: admin от 24-08-2021, 16:09, посмотрело: 17

Ақтөбе қаласы "№37 орта мектебі" КММ бойынша www.enbek.kz электронды порталына
Орыс тілі - 1 бірлік (уақытша); Орыс тілі - 1 бірлік (тұрақты); Шет тілі - 1 бірлік;
Қосымша білім беру педагогы (ПДО)- 1 бірлік (уақытша) бос орындар вакансиясы тіркелінді.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту заңдылығы бойынша 13-бет 3-тарау негізінде жұмыс іздеген тұлғалар төмендегідей құжаттар тізбегін тапсырады Қажетті құжаттар тізбегі:
1.Конкурсқа қатысу туралы Өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген (бар болса)
4.Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмелері;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
10.Жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (Бар болса);
11.ҰБТ сертификаты немесе педагог-модератордың,педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлігі;
12. Педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Көрсетілген құжаттарды "№37 орта мектебі" КММ қабылдау бөлмесіне тапсыруға болады. Бос орындар вакансиясы бойынша конкурстық құжаттар жұмысын қарау 31.08.2021жыл сағат 10.00-де өтетіндігін хабарлайды.

"№37 орта мектебі"КММ әкімшілігі
 

Категория: Мектеп жайлы / Ашық конкурс