"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" қайырымдылық акциясы

Автор: teacher от 19-09-2020, 12:10, посмотрело: 2 175

"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" қайырымдылық акциясы

 

    37 орта мектебi бойынша "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты мектебіміздегі жекеленген санаттағы оқушыларға қолдау көрсету. "Мектепке жол" қайырымдылық акциясында мектеп мұғалімдері тарапынан оқушыларға киім-кишектер мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілді. Бұл жолы "Қалам и Ко" дүкенінің директоры Г.А.Абдулаева 5 оқушыға оқу құралдарын сыйлады. Осындай игі істе демеушілік танытқандары үшін мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз. Ата-аналары мектеп басшылығы мен ұжымға, демеушілерге алғыс білдіреді. 

 

Категория: Мектеп дәстүрі