"Арайлы, алтын күз"

Автор: teacher от 31-10-2018, 11:50, посмотрело: 122

         Мектебімізде "Бақытты бала - мәңгілік ел кепілі" жобасы аясында, сондай-ақ "Арайлы, алтын күз" апталығы аясында 2-3 класс оқушылары арасында "Күзгі сыйы" атты табиғи емес және түрлі заттардан бұйымдар жасау бойынша  байқау өткізілді. Байқауға 2-3 класс оқушылары асқан қызығушылықпен қатысты. Қабылданған жұмыстар бойынша көрме ұйымдастырылып, үздік жұмыстар марапатталды.

 

 

 

          Мектебімізде "Бақытты бала - мәңгілік ел кепілі" жобасы аясында, сондай-ақ "Арайлы, алтын күз" апталығы аясында 5-6 класс оқушылары арасында "Күз-мереке, күз-береке" атты жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңке барысында түскен қор республикалық "Мейірімді жүрек" акциясы аясында Қорғаншылар күніне жұмсалды. 

 

 

        "Бақытты бала - мәңгілік ел кепілі" жобасы аясында, сондай-ақ "Арайлы, алтын күз" апталығы аясында 7-8 класс оқушылары арасында "Аяулы, алтын күзге саяхат" тақырыбында фото  байқау өткізілді. Үздік жұмыстар мектепішілік дәстүрлі жиында марапатталды.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Автор: teacher от 5-10-2018, 11:18, посмотрело: 75

         2018 жылдың қазан айының 05-і күні №37 орта мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын мектеп мәжіліс залында тікелей онлайн көрсетілімде тыңдалым жасады. Жолдау көрсетілімінен кейін талдау барысында мектеп директоры К.К.Абуова ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауы Қазақстан халқы үшін шындықты шыңға көтерер тарихи құжат екендігін және елбасы қойған міндеттерге нық жететіндігімізге сенім білдірді. Жолдау барысындағы Қазақстан болашағы үшін құнді білім сапасын арттырып, мұғалімдер мәртебесін көтеру мақсатында әзірленетін "Педагог мәртебесі туралы" заңды құжатын мектеп ұжымы зор қуанышпен қабылдады. 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ардақты асыл жандар, ардагерлер қартаймаңдар

Автор: teacher от 1-10-2018, 11:08, посмотрело: 85

0

     Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Осы орайда қазан айының 01-і күні Қарттар күніне орай, ардагер ұстаздардың өмірлік тәжірибесімен, ақыл-кеңестерімен, тәлім-тағылымымен бөлісу мақсатында "Әркімнің өз дара жолы бар" атты мерекелік кездесу кеші өткізілді. Кешті мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы құттықтау сөзімен ашып, мектептегі тың жаңалықтармен және оқу жылы барысындағы жетістіктермен бөлісті. Мерекелік кеш "Дара жол" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Қызықты сұрақтар, естелік суреттер көрсетіліп, мерекелік ән шашу тарту етілді. 

    Әрбір ардагер ұстаздың мектебіміздің өсіп өркендеуіне қосқан үлесі мен еңбектері өлшеусіз. Олар салған дара жол, сара жол шәкірттерінің жадында, мектеп тарихында мәңгілікке сақталып қалары сөзсіз.

    Талай жасты тәрбиелеп, еңбегінің зейнетін көріп отырған аға буын ардагер ұстаздарымызға дендеріне саулық, отбастарына амандық тілейміз.


 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Алтын күз - 2018" қалалық жарысы

Автор: teacher от 27-09-2018, 10:59, посмотрело: 133

   Халықаралық туризм күніне және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерей тойына арналған қала оқушылары арасындағы туристік "Алтын күз - 2018" қалалық жарысында №37 орта мектебінің "Адреналин" тобы жүлделі 2 орынды иеленді. 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine