"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы"

Автор: teacher от 12-02-2020, 16:42, посмотрело: 112

"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы"

(өзін-өзі тану онкүндігі)

 

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде ақпан айының 3-12 аралығында С. Назарбаеваның бастамасымен Өзін-өзі тану: "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік өтті.
Онкүндікте: ашық сабақтар, сурет көрмесі, қайырымдылық акциясы, мәнерлеп оқу сайыстары, кітап көрмесі шаралары болды.

12 ақпан С. Назарбаеваның туған күнімен құттықтаймыз.

 

 

Категория: Мектеп жайлы

 

Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық...

Автор: teacher от 10-02-2020, 16:35, посмотрело: 86

Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық...

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде ақпан айының 10-ы мен14-і аралығында "Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық..." тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы жүргізілуде. 10.02.2020жыл күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.К.Алмағанбетованың және бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен "Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай" атты М.Мақатаевтың туғанына 89 жыл толуына орай апталықтың ашылуы өткізілді. Аталған шараға мектеп директоры К.К.Абуова қатысып, апталық барысына сәттілік тілеп, ақиық ақын Мұқағалидың қазақ әдебиеті тарихында ерекше орын алатындығын атап өтті. Іс-шарада М.Мақатаевтың өлеңдері оқылып, әндері орындалды және 10-11 класс оқушылары "Қош махаббат..." пьесасын сахналады. Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Категория: Мектеп жайлы

 

"ENGLISH BROADENS THE MIND AND BORDERS"

Автор: teacher от 7-02-2020, 10:37, посмотрело: 338

"ENGLISH BROADENS THE MIND AND BORDERS"

 

 

Ақтөбе қаласындағы # 37 орта мектебінде " 03.02 - 07.02.20 ж аралығында "ENGLISH BROADENS THE MIND AND BORDERS" тақырыбында ағылшын тілі апталығы басталды. 03.02. күні апталықтың ашылуы 4 а ,ә,б және 5а, 5ә кластары арасында "Kingdom languages" та қырыбында сайыс өтті. Сайысқа оқушылар өте жақсы дайындықпен келіп, өз білімдерін дәлелдей түсті. Нәтижесінде " Leaders" тобы 1- орын " Stars" тобы 2 - орын иеленді.

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Дойбы" және "Үстел теннисi" секциялары

Автор: teacher от 1-02-2020, 10:27, посмотрело: 98

"Дойбы" және "Үстел теннисi" секциялары

 

 

Мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында демалыс күндері жоспарлы үйірме, секция жумыстары жүргізіледі.
01.02.2020ж күнi "Дойбы" және "Үстел теннисi" секциялары өз жұмыстарын жүргізді.
Жетекшілері денешынықтыру мұғалімдерi
Б.Досал және Б.Шәрiпов

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine