Абай - дана, Абай - дара қазақта

Автор: teacher от 10-12-2019, 12:45, посмотрело: 61

Абай - дана, Абай - дара қазақта

 

 

Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі,қазақ әдебиетінің шоқтығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған “Абай - дана, Абай - дара қазақта” атты шара ұйымдастырылды.Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып,ақынның даналығын,рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін,әндерін мәнереп оқып және Абайдың бейнесін сомдады.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Дөңгелек үстел

Автор: teacher от 4-12-2019, 17:50, посмотрело: 92

«Әлемге махаббат көзімен қара»

дөңгелек үстел

 

04.12.2019 күні Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Амантурлиева, мектеп психологтары Ж.Б.Калдина, А.Ә.Рахметоллина 7-8 класс қыз балаларына «Әлемге махаббат көзімен қара» (Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы аясында кәмелетке толмағандардың жыныстық дербес құқықтылығына қарсы қылмыстарды ескерту) дөңгелек үстел өткізілді және оқушыларға Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағаны үшін жауаптылықты реттейтін заңнаманы түсіндіру туралы жадынамасы таратылды.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Анаға тағзым» орталығының медиаторымен кездесу

Автор: teacher от 4-12-2019, 17:01, посмотрело: 77

«Анаға тағзым» орталығының медиаторымен кездесу

 

 

 

     04.12.2019 күні Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Анаға тағзым» орталығының медиаторы Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызының қатысуымен 9-11 класс қыз балаларына кездесу өткізілді. Шараға мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы қатысып, көтеріліп отырған тақырыптың ауқымы кең әрі өзекті екендігін атап өтті. Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
     Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам. Осы мақсатта іс-шарада қыз балалардың бүгіні мен ертеңі туралы насихат жүргізіліп, оқушылардан түскен түрлі сұрақтарға жауап берілді. Кеш соңында Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы қазақ қыздарының болмысысы әлемді сүйсіндіретіндей қылықты және ақ жаулықты аналарымыз салып кеткен сара жолды жалғастырушы болыңыздар деп батасын беріп, шашуын шашты. Қыз балалар үшін үлкен рухани азық әрі әсерлі кездесу болды.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

«Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары»

Автор: teacher от 29-11-2019, 17:17, посмотрело: 92

"Қазақстан халқының АССАМБЛЕЯСЫ"

1-11 класс арасында тәрбие сағаттары

 

29.11.2019ж күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында жалпы республикалық ашық сабақтар аясында "Қазақстан халқының АССАМБЛЕЯСЫ" атты 1-11 класс арасында тәрбие сағаттары өткізілді.

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine