» » Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

 
 
 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

Автор: teacher от 16-04-2019, 13:12, посмотрело: 27

0
Наурыз мерекесін дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурыз көже дайындалады. Ырымшыл қазақ халқы әу бастан киелілікке, қасиетті сандарға мән берген. Сол себепті бұл тағамды жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткен.
Әр үйдің дастарқанына ақтан (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән тағамдары мен жеміс-жидектер) және қызылдан (еттен жасалатын тағамдар) жеті түрлі дәм қойылады. Қалыптасқан салт бойынша қойдың басын ауыл ақсақалы мүжиді. Ал басқалары «жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» десіп, наурыз көжені тоя ішіседі. Көже ішіліп болған соң, төрағасы қолын жайып үй иесіне батасын береді. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі.

 
шаблоны для dle 11.2

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.