"Ұлттар достығы - ер бірлігі"

Автор: teacher от 30-04-2019, 10:21, посмотрело: 2 246

0

"Ұлттар достығы - ер бірлігі"


 

 

     29.04.2019 жылы №37 орта мектебінде 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Өркен" оқушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен  "Ұлттар достығы - ер бірлігі" тақырыбында іс-шара өткізілді.Бірінші мамыр-бірліктің ерекше мерекесі. Бұл мерекеде көп ұлтты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтарына құрметпен қарау мақсатында әр ұлттың ұлттық киімдері киіліп, билері биленді.Ата-аналардың қолдауымен "Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы" деп, ұлттар достығының көрмесі ұйымдастырылды. Көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі. "Қазақстан халықтарының ынтымағы жасасын, бір шаңырақ астында бірге соқсын жүрегшіміз..." деген мағынада барлық ұлт шаңырақ астына жиналып, мерекелік іс-шара "Атамекен" әнімен аяқталды.
Ұлттар бірлігі жасасын!!!
 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Алақай" қуыршақ театрының қатысуымен "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты қойылым

Автор: teacher от 16-04-2019, 17:28, посмотрело: 1 100

0
"Алақай" қуыршақ театрының қатысуымен "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты қойылым



         Ақтөбе қаласы #37ортамектебiнде наурыз айының 15-i күні 22-наурыз "Ұлыстың ұлы күні" Наурыз мерекесіне орай "Алақай" қуыршақ театрының қатысуымен "Қош келдің, Әз-Наурыз!" атты қойылым 0,1,2,3,4,5,6 класс оқушылары арасында өткізілді. Оқушылар үшін өте қызықты ойындар ойнатылып, салт-дәстүр бойынша қойылымдар қойылды.
       Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
          Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

Автор: teacher от 16-04-2019, 13:12, посмотрело: 71

0
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі


 



Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі.
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.
Бүл күн — аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн» деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 наурыз, жаңаша 21 - нен 22 - не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.
Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да бастап атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа - тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күнгі таңғы сағат 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек.
Наурыз сөзі иран тілінің ноу —«жаңа», руз —«күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі — біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, наурыз айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.

 






Бүгін 2019 жылдың наурыз айының 14-i күні "Амал мерекесі" көрісу күніне орай Ақтөбе қаласы #37орта мектебiне iргелес бiлiм ордасы #32 мектеп гимназиясы оқушылары мен "Жас Отан" жастар қанатының жас өрендерi мерекемен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерiн, тiлектерiн бiлдiрдi.  Наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті - пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым - қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ‼️‼️‼️


Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Алғыс айту" күні

Автор: teacher от 16-04-2019, 12:53, посмотрело: 76

0
"Алғыс айту"күні











 
Ақтөбе қаласы 37орта мектебiнде "Алғыс айту" күніне орай 1-11 класс арасында "Алғыс айту - парызым!" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 
1 наурыз күні біз жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл - Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым,  Мәңгілік Елдің бүгініне және  Болашағы біртұтас елдің  ертеңіне деген нық сенім.   Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында ел ішінде қалыптасқан өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету біздің еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты. Бүгін біз, миллиондаған адамдардың  өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне,  қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз. 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед