"Мектепте математикалық білім беру: мәселелер мен перспективалар" қалалық TED конференция

Автор: teacher от 24-02-2020, 10:52, посмотрело: 65

"Мектепте математикалық білім беру: мәселелер мен перспективалар"

қалалық TED конференция

 

24.02.2020 күні №37 орта мектебінде "Мектепте математикалық білім беру: мәселелер мен перспективалар" тақырыбында қалалық TED конференция өтті. Конференцияға қонақ ретінде АӨМУ-нің физика-математика факультетінің деканы А.У.Бекбауова, "Өрлеу" АОПҚБАИ-ның аға оқытушысы Б.З.Асанбай және Ақтөбе ҚББ-нің әдіскері Г.У.Миндалина қатысты. Конференция барысында №37 орта мектебінің директоры К.К. Абуова және мұғалімдері: У.Жантолина, Л.Табылдина, В.Тлеулина, Л.Жалмұханова, №10 орта мектебінен К.С.Муканова, Н.Е.Нұрмұханова, А.Е.Сәлімгереева, №51 мектеп-гимназиясынан Г.Ж.Куздибаева, №56 орта мектебінен Н.Н.Даутов, №35 ОМ: А.Д.Амалбекова, №44 ОМ: Г.З.Ахметова, №25 ОМ: А.А.Тажебаева, №50 ОМ: К.А.Жасталап, "Ақбөбек" мектебі: Л.Е.Мукашевалар өз тәжірибелерін практикамен ұштастыра отырып, жаңа заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіншілігін ортаға салды, тың идеялар айтылды. Тыңдаушы ретінде қала мектептерінен 13 мұғалім қатысты. Конференция соңында жиналған көпшілік жасалған баяндамалардың өте құнды болғанын, жас мамандар үшін де, тәжірибелі маман үшін де қажетті ақпарат пен тәжіибенің мол болғандығы жөнінде пікірлерін ортаға салды. Конференция соңында баяндамашыларға қалалық білім бөлімінің сертификаттары мен 3 үздік баяндамашыға алғыс хат тапсырылды.

Категория: Мектеп жайлы