"Ел боламын десең, бесігіңді түзе" шебер класс

Автор: teacher от 21-02-2020, 10:51, посмотрело: 96

"Ел боламын десең, бесігіңді түзе" шебер класс

21.02.2020 жылы "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" тақырыбында мектептің ата-аналарына психологиялық шебер класс ұйымдастырылды. Мақсаты Отбасындағы қарым-қатынас және әке-ана міндетінің маңыздылығын түйсінуге мүмкіндік жасау. Әке-аналардың «татулық» түсінігіне деген көзқарастарын анықтау, жағымды эмоционалды күйді қалыптастыру, нығайту, дамыту. Әке-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру. мұнда ата-аналармен бірлесе отырып

1. «Қуыршақ сәлемі» . Мақсаты : Шығармашылық қиялды дамыту арқылы тұлға аралық байланысты орнату, психологиялық жағымды ахуалды қалыптастыру.
2. «Әкеме айтып қоймаңызшы» видео ролик. Мақсаты: Отбасы тұтастығы мен бір-біріне деген қарым-қатынасын анықтау және жақсы ата-ана болу үшін әрекеттерімді ретке келтіру.
3. «Отбасылық қарым-қатынас» «Менің сөзім» -тренинг. Мақсаты: Қарым-қатынасқа түскен адаммен ортақ шешім таба білу және оның сөзін тыңдап, қолдау көрсету.
4. «Отбасының тәрбиелік стратегиясы» тест. Мақсаты: Өз отбасындағы тәрбие стратегияларын анықтау және отбасындағы мінез-құлық стильдерімен танысу
5. «Болмайды!» (тренинг). Мақсаты:Балаға қандай?, қалай? шектеу қоямыз. Бала сезімін өз бойынан өткізу.
6. «Отбасындағы педагогикалық мәдениетті қалыптастыру». Жақсы ата-ананы қалыптастыру үшін әрбір ата-ана өз бойынан педагогикалық мәдениетті қалыптастыру керек.
7. Бала тәрбиесі (видео ролик). 8. Алақандар жаттығуы. Балалар үшін ересектердің жақындауы, назар аударуы өте маңызды.
9. Еркін микрофон арқылы қатысушы ата-аналар өздерінің алған әсерлері мен ұсыныстарын білдірді және алдағы уакытта да осындай жиындар өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болатындығын атап өтті.
Ұйымдастырушы мектеп психологы Ж.Калдина

Категория: Мектеп жайлы