Жол ережелерін сақтау маңызды!

Автор: teacher от 20-02-2020, 10:33, посмотрело: 78

Жол ережелерін сақтау маңызды!

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 20.02.2020ж күні кеңейтілген көлемде 1-4,5-8,9-11 класс окушылары арасында "Жол ережелерін сақтау маңызды!" тақырыбында Ақтөбе облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекторы, полиция капитаны Кубегенов Нурлан Кубегенұлының қатысуымен практикалық дәрiс сабақтары өткізілді. Аталған шараға мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы, мектеп инспекторы Муханбетказина Аймереке Нұрмұханқызы, класс жетекшілер қатысым жасады. БАҚ өкілдері шақырылып, түсiрiлiм тобы жауапты мамандармен тiлдестi.

 

 

Категория: Мектеп жайлы

 

"Birgemiz04" волонтерлар клубы

Автор: teacher от 20-02-2020, 10:29, посмотрело: 104

"Birgemiz04" волонтерлар клубы

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020жыл "Волонтер жылы" деп жариялаған болатын. Осы орайда 20.02.2020ж күні Ақтөбе қаласы№37 орта мектебі оқушыларынан құралған "Birgemiz04" волонтер клубының салтанатты ашылу жиыны өткізілді. Аталған шараға мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы қатысып, жас өрендердiң үлкен бастамасына қолдау бiлдiрiп, оң бағасын берді.
№37 орта мектебінен құрылған "Birgemiz04" волонтер клубының мақсаты: Жас ұрпақ бойына әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыра отырып, олардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру, патриоттық сезімдерін, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, құқықбұзушылықтың алдын алу және адам бойындағы ізгі қасиеттерді дамыту, қайырымдылыққа тәрбиелеу болып табылады. "Birgemiz04" волонтер клубының жетекшісі А.Измаганбетова.

Категория: Мектеп жайлы