«Бала - қоғамның құнды байлығы»
жалпы ата-аналар жиналысы
Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде 14.02.2020ж күні «Бала - қоғамның құнды байлығы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Тәрбиелік мақсаты: Қазіргі заман талабына сай ата-ана мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата – аналардың өз балаларымен әрқашан сырласып, көңіл бөлуіне бағыт-бағдар беру.
Күн тәртібі
1. 2019-2020 оқу жылының 1-жартыжылдықтағы оқу-тәрбие жүйесінде атқарылған жұмыстардың талдауы
К.К.Абуова – мектеп директоры
2. 2019-2020 оқу жылында қорытынды аттестаттаудың жаңа ережелері, дайындығы
Ж.Қ.Жаманова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
3. Ыстық тамақпен қамтылу бағдарламасы
Г.С.Умирбаева – әлеуметтік педагог
4. Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары
А.М.Нурмуханова – мектеп инспекторы
5. Эпидемиялық инфекциялардан сақтандыру жолдары
Жаксылыков Рауан Мерекеұлы – СӨС дәрігері