Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық...

Автор: teacher от 10-02-2020, 16:35, посмотрело: 176

Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық...

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебінде ақпан айының 10-ы мен14-і аралығында "Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық..." тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы жүргізілуде. 10.02.2020жыл күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.К.Алмағанбетованың және бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен "Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай" атты М.Мақатаевтың туғанына 89 жыл толуына орай апталықтың ашылуы өткізілді. Аталған шараға мектеп директоры К.К.Абуова қатысып, апталық барысына сәттілік тілеп, ақиық ақын Мұқағалидың қазақ әдебиеті тарихында ерекше орын алатындығын атап өтті. Іс-шарада М.Мақатаевтың өлеңдері оқылып, әндері орындалды және 10-11 класс оқушылары "Қош махаббат..." пьесасын сахналады. Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Категория: Мектеп жайлы