» Материалы за Қаңтар 2020 года

 
 
 

Игі іс жасауға асық

Автор: teacher от 30-01-2020, 10:17, посмотрело: 154

Игі іс жасауға асық

 

 

30.01.2020ж күні №37 орта мектебі оқушыларынан құралған "Еріктілер тобы" Президент Қ.Т.Тоқаевтың 2020жыл "Волонтерлар жылы" бастамасымен Ақтөбе қаласында бастау алған "Игі іс жасауға асық" атты акция аясында 9а, 9ә класс оқушылары Шура әжейдің үйіне барып, қар басып қалған ауласын және аула алдын омбы қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс соңында Шура әжей мектеп еріктілеріне алғысын білдіріп, батасын берді. №37 орта мектебінен құрылған "Еріктілер тобының" мақсаты: Жас ұрпақ бойына әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыра отырып, олардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру, патриоттық сезімдерін, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, құқықбұзушылықтың алдын алу және адам бойындағы ізгі қасиеттерді дамыту, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

"Ерiктiлер тобына" жетекшілiк еткен
Аға тәлімгер А.Измаганбетова
9а класс жетекшісі Ж.Калдина.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Жас өрендерiмiздi жеңістерi

Автор: teacher от 29-01-2020, 10:16, посмотрело: 119

Жас өрендерiмiздi жеңістерi

 

 

Ақтөбе қаласы №37 орта мектебiнде дәстүрлі жиында апта қорытындысы бойынша жеңістi жас ұландықтарды марапаттау өткізілді. Жиынға мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы катысып, апта жемісімен құттықтап, алдағы уақытта да тек биіктен көрiне беруiне тiлектестiгiн бiлдiрдi. Жас өрендерiмiздi жеңістерiмен құттықтаймыз!!!

Категория: Дарынды оқушылар

 

XXI ғасыр- нақты ғылымдар дәуірі

Автор: teacher от 27-01-2020, 10:10, посмотрело: 123

XXI ғасыр- нақты ғылымдар дәуірі

 

 

№37 орта мектебінде 20-25.01.2020 аралығында жаратылыстану бірлестігінің “XXI ғасыр- нақты ғылымдар дәуірі” тақырыбында апталық болып өтті. Апталық барысында пән мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны аясында ашық сабақтар, тәжірибелік жоба жұмыстары, “Экология және біз” атты сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді.

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Автор: teacher от 17-01-2020, 09:58, посмотрело: 111

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

 

Бүгін 2020 жылдың қаңтар айының 17-i күні №37 орта мектебінде мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбында "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға Мусин Нұрлыбек Кумарович- Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, Әбекенов Мақсат Данаұлы-ҚР Мемлекеттік қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы қатысым жасады. Дөңгелек үстел барысын мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызы ашып, өткізілгелi тұрған "Ортақ парыз-бiр мiндет" тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысының маңыздылығын және қозғалып отырған жемқорлық мәселесінің қоғамдық проблема екендігін ашып айтты.

 

 

Дөңгелек үстел барысында "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының белсенділері өз ойларын ашық түрде ортаға салып, өзара өзекті деген сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы оқушылардың арнайы дайындаған видеоролигi көрсетiлiп, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел қонақтары да сыбайлас жемқорлық тақырыбы төңірегінде ұтымды ойларын және сыбайлас жемқорлықтың қазіргі таңда қоғамның басты iндетi екендігін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әр азамат ең бiрiншi өзінен бастау керек екендігін айтты. Жемқорлықтың қоғамға тигізетiн қауіпті әсерлерін және жемқорлыққа қарсы қандай күрес жүргізу керек екендігiмен бөлісті. Дөңгелек үстелді "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы белсенділері "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Елдің болашағы - жастардың қолында!" ұранымен аяқтады.
"Адал ұрпақ" ерiктi мектеп клубының жетекшісі А.К.Измаганбетова

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед