"Ұлттар достығы - ер бірлігі"

Автор: teacher от 30-04-2019, 10:21, посмотрело: 4 616

0

"Ұлттар достығы - ер бірлігі"


 

 

     29.04.2019 жылы №37 орта мектебінде 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Өркен" оқушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен  "Ұлттар достығы - ер бірлігі" тақырыбында іс-шара өткізілді.Бірінші мамыр-бірліктің ерекше мерекесі. Бұл мерекеде көп ұлтты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтарына құрметпен қарау мақсатында әр ұлттың ұлттық киімдері киіліп, билері биленді.Ата-аналардың қолдауымен "Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы" деп, ұлттар достығының көрмесі ұйымдастырылды. Көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі. "Қазақстан халықтарының ынтымағы жасасын, бір шаңырақ астында бірге соқсын жүрегшіміз..." деген мағынада барлық ұлт шаңырақ астына жиналып, мерекелік іс-шара "Атамекен" әнімен аяқталды.
Ұлттар бірлігі жасасын!!!
 

Категория: Мектеп дәстүрі